Медиация институты – бітімгершілікке бастар жол

17 Шілде 2019, 10:48 5616

Шығыс-Қазақстан облыстық Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының негізінде жұмыс істейтін медиация кабинетінде жыл басынан бері келіп түскен 73 өтініштің 93 пайызы қаралып, тараптар бір мәмілеге келген. 

Бұдан бөлек, медиация кабинетінің «Виртуалды кабинеті» іске қосылып, сенім телефоны арқылы кеңес беру қолға алынған. 


Жалпы, бұл шара 2015 жылдан бері іске асырылуды. Үш жыл бұрын медиацияның тиімділігін арттыру үшін өңірдегі департаменттер мен сот органдары өзара меморандум жасасқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде медиация кабинеті негізінде «Медиацияның виртуалды кабинеті» жұмысын бастап кетті. 2019 жылдың басынан бері виртуалды кабинетке келіп түскен жалпы өтініштер саны 31 болса, оның​ 29 қарастырылған.


Бұдан бөлек, ​ 8 (7232) 74-22-08 сенім телефоны арқылы кеңес алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мұнда бекітілген кесте бойынша кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қала тұрғындарын қабылдап, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді.

Жалпы айтқанда, 2019 жылдың бірінші жарты жылы көлемінде облыстық соттармен, медиаторлармен бірлесіп медиация ұғымдарына, азаматтық сот өндірісіндегі татуластыру рәсімдерінің болашағына қатысты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «медиацияның кіріспе курсы» бағдарламасы бойынша оқыту семинары ұйымдастырылып өткізілді.

Бөлісу: