Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе «Әл-Хилал» футбол клубының менеджерлерімен келіссөзден бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Саудиялық клуб ПСЖ шабуылшысы үшін 300 миллион еуро ұсынып, маусымына 700 миллион еуро жалақы беруге уәде берген еді.
Сауд Арабиясы командасының өкілдері Парижге Килиан Мбаппемен келісімшартты талқылау үшін арнайы барған еді. Алайда ПСЖ мен «Әл-Хилал» өкілдерінің күні кеше басталған келіссөздері нәтиже бермеді. Килиан Мбаппе Сауд Арабиясының ең атақты клубтарының біріне ауысқысы келмеді.
Футбол мамандарының болжауынша, Килиан Мбаппенің басты және түпкі мақсаты – «Реал Мадрид» клубында болу. Ал ол клуб соңғы уақытта мұндай трансферге онша қызығушылық танытпайды.
Еуропадағы ең титулды клуб келесі маусымның соңын күтіп отыр. Сол сәтте Мбаппе оларға тегін трансфермен қосыла алады.
Бұған дейін Аль-Хилал америкалық «Интер Майамиге» ауысуды таңдаған Лионель Мессиге де 1,2 миллиард еуроның келісімшартын ұсынған болатын.