Мәжілістің жаңа депутаты таныстырылды

20 Қыркүйек 2023, 15:22 1532

Мәжілістің жалпы отырысы жаңа депутаттың таныстырылуынан басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін жалпы отырыста депутат Вера Ким Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің құрамына сайланды. Ол депутаттық өкілеттігін тоқтатқан Ғалымжан Елеуовтің орнына Мәжілістегі «АМАNАТ» фракциясының қатарына қосылды.

Айта кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы бос тұрған мандатты Вера Кимге беру туралы қаулы қабылдаған болатын. Ол 2021 жылдан 2023 жылдың қаңтарына дейін VII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: