Мәжілістегі мансап қанша теңгеге сатылады? Дәулет Мұқаев депутаттыққа қалай өткенін айтты

19 Шілде 2023, 17:10 3156

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев депутаттық орынның бұрын қаншаға сатылғаны туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Дәулет Мұқаев сайлау қорытындысы шыққан кезде өзінің депутаттыққа өткенін естіген сәті туралы айтып берді.

Ең соңында сайлаудың нәтижесі шықпай жатты, бірақ протоколдарды бәрін алып есептеген кезде басым протоколдың барлығында көп жерде, көп учаскеде жеңіске саны жағынан жеттік. Оның барлығын мен санап отырдым. Одан кейін ресми нәтиже шықпай жатып, Алматыда бір түсірілім болды мен ұшып кеттім. Алматыға қонған кезде маған хабарласты. "Осылай сіз өттіңіз" деген секілді. "Мен шын ба, теледидардан көрсетті ме?" деп сұрадым. Себебі менде соңына дейін бір сенімсіздік болды. Өйткені бұның бәрі - сайлау, саясат, - дейді Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.

Нартай Аралбайұлы депутаттан "Сайлаудың әділдігіне сенбедің бе?" деп сұрады.

"Адал" партиясындағы жұмыс кезінде қалай болғанын білесіз ғой. Ол кезде де қаншама халық дауыс бергенімен, өтпедік, өткізбедік деуге болады, - деп жауап берді.

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ Дәулет Мұқаев Мәжілістегі мансаптың 3 миллион долларға сатылғаны туралы естігенін атап өтті.

Қағазды қолға алдым. Істеуге болады екен ғой, менің қолымнан келеді екен ғой дедім. Себебі шыны керек, біраз адамнан естідім. "Депутаттың орны сатылады екен ғой, қанша бердің, қалай?" деген секілді сұрақтар қойды. Жоқ дегеніме сенбейтін адамдар да бар. Демек, осы уақытқа дейін сондай болған шығар. Инсайдер ақпарат берушілердің айтуынша, бір депутаттың орны 3 миллион доллар яғни 1 миллиард 335 миллион 135 мың 900 теңгеге сатылған. Енді мен солай естідім. Соған қарағанда ол солай болып та тұрған шығар. Жәйдан-жәй әңгіме жүрмейді, - дейді Дәулет Мұқаев. 

Айта кетейік, белсенді Дәулет Мұқаевтың айтуынша, сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінде мәжілісмендер бұрын-соңды болмаған белсенділік танытты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: