Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заң жобасы талқыланды

28 Ақпан, 03:35 607

Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алулары бір платформаға көшуі туралы айтып, бұл тәсілдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылдау қажет болатынын атаған болатын. 

Осының негізінде Мәжіліс депутаттары заңға толықтырулар мен өзгерістер еңгізу туралы талқылады. Аталған заң жобасы бойынша 2023 жылғы қазаннан бастап жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Жұмыс тобының құрамында жауапты мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен саяси партиялардың, сонымен қатар сараптама ұйымдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар. Отырыста айтылған негізгі мәселе – сатып алуды бір платформаға біріктіру жолдарын қарастыруға бағытталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: