Мәжілісте әскери резервті қызмет мәселелері бойынша заң жобасы қаралды

15 Қараша 2023, 10:50 883

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірінші оқылымы қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Резервтегі қызмет туралы заң жобасын әзірлеуге жұмылдыру жүйесін одан әрі жетілдіру негіз болды. Бұл нормалар әскери бөлімді адами ресурспен кепілді қамтамасыз етуге резервте болатын жауынгерлік дайын күшті құруға мүмкіндік береді. Заң жобасын іске асыру үшін 2 кодекске, 4 заңға өзгеріс енгізіледі, - деді қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Заң жобасында:

Қылмыстық кодекске резервті әскерді әскери құқық бұзушылық ісіне жатқызу бойынша өзгерістер енгізіледі;

Еңбек кодексіне жұмыс беруші мен резервтегі әскери арасындағы еңбек қатынасын реттеу бойынша түзету енгізіледі;

Жұмылдыру туралы заңға бронға қойылған әскердің міндетін резервте қызмет етуін шектеу бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізіледі;

Әскери қызмет туралы заңға резервтегі әскери адам мәртебесін оның құқығы мен міндетін белгілеу;

Резерті әскеридің міндетін орындау кезін айқындау;

Резервте қызмет атқару бойынша өзгеріс енгізіледі;

«Сыбайлыс жемқорлық», «Мемлекеттік қызмет» туралы заңдарға мемлекеттік қызметшінің резервте қызмет ету мүмкіндігі бойынша өзгеріс енгізіледі;

Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде 3 жылға жасалады. Даярлық бір жылда 2 айдан аспайды. Жиын 30 күн. Сабақ ай сайын 2-3 күн болады. оған қаражат республикалық бюджет есебінен. Осы санаттағы адамдарға ай сайын ең төмен жалақы, екінші – жиын кезінде орташа жалақы төлеу жоспарлануда. Әскери резервті адам қызмет еткен кезде жұмыс орны сақталады, - деді Руслан Жақсылықов.

Министр заңды қабылдау әлеуметтік тұрғыдан тиімді екенін айта кетті.

Сөзінше, резервке қызметке кірген азаматтың кірісі артады.

Миражан Махан
Бөлісу: