“Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев биылғы саяси додаға жаңа есімдерді ұсынып отырғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
“Мәжіліске ұсынатын тізімде 54 үміткер бар. 54 үміткердің ішінде 18 адам 33,3 % әйел адамдар, жастар, кемтар азаматтарымыз бар. Тізімде жетінші, бесінші, алтыншы шақырылымдардан депутаттар бар. Жаңадан бас қосқан үзеңгілестеріміз бар. Өзгергені шамамен 60%,- деді Азат Перуашев.