Мәжіліс төрағасы Женеваға сапармен барды

24 Наурыз, 21:54 735

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Швейцария Конфедерациясына Парламентаралық Одақтың 148-ші Ассамблеясына қатысу үшін ресми сапармен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ Швейцария Конфедерациясына ресми сапар аясында Мәжіліс спикері мен Швейцария Конфедерациясы Федералды Жиналысының Ұлттық Кеңесінің төрағасы Эрик Нузбаумермен және Федералдық кеңесші, Швейцария Конфедерациясының Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен Бернде екіжақты кездесулер өткізуі жоспарлануда.

Зарина Арман
Бөлісу: