Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мерейтойға арналған жиын ақынның туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Сарытомар ауылында өтті. Ерлан Қошанов ақынның жерлестерін мерейтоймен құттықтап, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды.
Мағжан Жұмабаев – қазақтың ғана емес, тұтас түркі жұртының мақтанышы. Ақынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке толы жырлары халқымыздың жүрегіне жол тауып, руханиятымыздың алтын қорына енді. Мен Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда жастардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру қажеттігіне ерекше тоқталдым. Бұл ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыру үшін өте маңызды. Осы орайда Мағжанды тану, Мағжанды таныту – тәрбиелік әрі тағылымдық мәні бар мәселе, – делінген Президент құттықтауында.
Мереке аясында облыста халықаралық ақындар айтысының финалы, ат спорты мен қазақша күрестен жарыс өтті.