Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов демалысқа кетті

6 Ақпан, 16:56 737

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қошановтың демалыста екендігі туралы ақпаратты Мәжілістің баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр лауазымын ақылдасу жиналысына Ерлан Қошанов қатыспады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесу өткізді. Кездесуде Президент Конституцияның 44-бабына сәйкес Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасы жөнінде фракция басшыларымен кеңесуге тиіс екенін айтты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: