Мәжіліс сайлауына үміткерлерді 7 саяси партия ұсынады

21 Қаңтар 2023, 11:27 1367

Бұл туралы ОСК мәлім етті

Бұл туралы ОСК екінші отырысында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сайлау заңнамасының жаңа енгізілімдері туралы ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов баяндады.

Айтуынша, сайлау жаңа форматта өтеді.

«Жаңа қағидаттар бойынша Мәжіліс депутаттары біртұтас жалпы округтік аумағы және бірмандаттық окургтер бойынша сайланады. Сайлау округінің шекараларын тиісті сайлау комиссиялары айқындайды. Сайлау округінің аумағында орналасқан мемлекеттік ұйымдар мен органдардың сайлауға дайындығы мен өткізу мәселелі жөніндегі есептерін тыңдауға құқылы. Дауыс беру нәтижелерін қамтамасыз етеді», - деді ол.

Саяси партияларды партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселеге ОСК Әділет вице-министрі Алма Мұқанова тоқталды.

«Сайлау туралы заңға сәйкес партиялық тізімдер бойынша жетпіс пайыз сайланатын Мәжіліске депутаттарды ұсыну құқығы тек саяси партияларға тиесілі. Қазақстанда қазіргі таңда 7 саяси партия тіркелген және жұмыс істеуде. Олар кандидаттар ұсынуға құқылы. Қазіргі таңда алты саяси партияның филиалдары тіркелген», - деді ол.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: