Мәжіліс сайлауы бұрынғы сайлаудан өзгерек

10 Ақпан 2023, 16:30 1612

ОСК Конституцияда көзделген норманың бәрі сақталғандығын алға тартты. Парламент Мәжілісінің осымен сегізінші шақырылымы. Онлайн семинарда ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров қазіргі сайлаудың ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Жаңа заңнамалық нормалар қабылданды. Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өтеді. Депутаттық корпустың бір бөлігі мажоритарлық негізбен бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады. Ал екінші бөлігі олар партиялық тізімдер бойынша бәсекелес болады. Парлмент Мәжілісі деңгейінде бұл 98 депутаттың 69-ы саяси партиялық тізім бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық округтер бойынша сайланбақ. Пропорционалдық басымдық жүйесі бойынша облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жартысы осылай жүзеге асырады. Екінші жартысы бір мандаттық мажоритарлық округтер бойынша. Статистика бойынша айтсақ, 334 бұл бір мандаттық және дәл сондай депутаттық тізім негізінде болады», – дейді.

Шақырылымның бір жаңалығы, мажоритарлық жүйе кезінде депутатты кері қайтарып алу тәртібі мынадай:

«Бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу үшін бастама жасауға сайлаушылардың сенімін жоғалту, оның ішінде сайлау алдындағы бағдарламаны орындамауға байланысты сенімін жоғалту негіз болып табылады. 1- бастамашының өтінішін тіркеу. 2 – тиісті бір мандаттық сайлау округі сайлаушыларының қолдарын жинауды бастамашы бір ай ішінде (сайлаушылардың кемінде 10 пайызы) жүзеге асырады. 3 – осы қолдар саны жиналған жағдайда тиісті сайлау комиссиясы мандатты кері қайтарып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды. Егер округ бойынша сайлаушылардың 1/3-тен астамы қатысқан болса, дауыс беру өтті деп танылады. Екіншіден дауыс беру кезінде депутатты кері қайтарып алуға үшін «жақтап» дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 пайызынан астамы дауыс беруге тиіс», – деді семинарда ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: