Мәжіліс құрамына жаңа депутат келді

6 Наурыз, 10:21 2012

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында жаңадан тағайындалған депутатты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Amanat» партиясынан Нұрсұлтан Байтілесов Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркеліп, біздің қатарымызға қосылды. Сондықтан жаңадан сайланған Парламент депутаты Қазақстан Республикасына ант береді, – деді Ерлан Қошанов.

Осылайша, Нұрсұлтан Байтілесов «Amanat» партиясынан депутат атанды.

Ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің құрамына сайланды.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін! – деді су жаңа депутат.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан тағайындалған депутатқа сәттілік тілеп, антына адал болуға шақырды.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: