Мәжіліс пен мәслихат депутаттарына қандай талап қойылды?

10 Ақпан 2023, 16:01 2679

Бұл жөнінде кезектен тыс сайлауды байқауды жүзеге асыру мәселелеріне арналған онлайн семинарда айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров Парламент Мәжілісіне түсетін депутаттарға қойылатын негізгі талаптарды атап өтті.

Барлығы 7 партиялық тізім бойынша 283 кандидат бәсекеге түседі.

«69 депутат партиялық тізіммен және 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады. Барлығы 98 депутат. Парламент Мәжілісінің кандидаттарына қойылатын талаптар ҚР азаматтығы, соңғы 10 жылда ҚР аумағында тұруы, кем дегенде 25 жаста, сот іс-әрекетіне қабілетсіз деп таныған, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыйбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіпте таныған адам кандидат бола алмайды. Шектеу бар. Егер азамат партиялық тізімде ұсынылған болса, ол бір мандаттық округ бойынша сайлана алмайды», – деді ол.

Сайлаушылар санына қарай 29 округ құрылды.

«Алматы қаласы мен Түркістан облысында 3 сайлау округі, Жамбыл, қарағанды, Алматы облыстарында және Шымкент, Астана қалаларында 2 сайлау округі және қалған 13 өңірде 1 сайлау окургтен бар. Егер әкімшілік аумақтық бірліктердің шекарасы округтің шекарасына сәйкес келсе, округтік комиссия құрылмайды. Оның өкілеттігін тиісті аумақтық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 13 өңірде бұл өкілеттікті дәл осы аумақтық комиссия іске асырады», – дейді.

Барлығы 223 мәслихат – 3415 мандат. Мәслихат депутаттарына қойылатын талаптар ҚР азаматтығы, жасы 20 жастан кем емес, өңірде тұру бойынша талап қойылмаған, заңда белгіленген тәртіппен таныған адам кандидат бола алмайды. Азамат бір окург бойынша ұсынылады.

«Бұл саяси додаға барлығы 14207 кандидат ұсынылған. Мәжіліс депутатына жарна 1 млн 50 мың теңге, ал мәслихат депутатына жарна 350 мың теңгені құрайды. Жарна үш жағдайда ғана қайтарылады. Егер кандидат сайланса, 5 пайыздан астам дауыс жинаса немесе қайтыс болған кезде», – деді ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров.

Кандидаттар мен партиялық тізімдерді тіркеу 18 ақпанға дейін жалғасады.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: