Мәжіліс Иран және Сингапурмен еркін сауда туралы келісімдерді мақұлдады

5 Желтоқсан, 10:50 871

Мәжілістің жалпы отырысында Палата төрағасы Ерлан Кошановтың төрағалығымен екі халықаралық келісім мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СИМ мәліметінше, Мәжіліс «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда туралы» келісімді ратификациялады. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, бұл келісім Иранмен сауда үшін қолайлы жағдай жасау мақсатымен жасалған.

Бүгінгі таңда біздің елдер тауарлардың шектеулі тізбесі үшін жеңілдетілген сауда режимін қолданады. Жаңа келісім тауар номенклатурасының 90 пайызға жуығы бойынша бажсыз сауданы қарастырады. Иран тарапы көптеген тауарларға қатысты нөлдік баждарды қолдануға және саудаға шектеу қоймауға міндеттеме алады, – деді вице-министр.

Дегенмен, Ираннан ерекшеленген тауарларды әкелу кезінде импорттық кедендік баждар сақталады (ірі қара мал мен құс еті, сүт өнімдері, қант, спирт, темекі, балалар тағамы, бал, полимерлер және мұнай-химия өнеркәсібінің басқа да өнімдері, гербицидтер, орауыш қаптар және басқалары).

Жалпы отырысты ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттер мен Сингапур арасындағы Еркін сауда туралы келісім мен жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім де ратификацияланды. Бірінші құжат ерекшеленген тауарларды қоспағанда, тауарлармен бажсыз сауда режимін орнату бойынша өзара міндеттемелерді белгілейді. Екіншісі тараптар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға негіз болмақ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: