Түркияда өтіп жатқан президент және парламант сайлауында бақылаушы болған жүрген Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Имам Хатип лицейінде 13 сайлау учаскесі бар екен. Он үш сынып бөлмесіне орналастыра салған, аядай ғана бөлме. Осы учаскелерде үш мыңға жуық адам дауыс береді екен. Учаскелерде ғана емес сайлау бюллетендерінде де ерекшеліктер бар екен. Жалпы, Түркиядағы сайлаудың артықшылықтары мен өзімізге байқалған кемшіліктері туралы алдағы уақытта толықтырып жазамын, - деді депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.