Мәжіліс депутаты ҚазАТУ-дың оқытушы-профессорларымен кездесу өткізді

9 Қаңтар, 14:24 1112

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық комитет төрағасы Серік Егізбаев Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен, оқытушы-профессорлық құрамымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шараға ЖОО оқытушы-профессорлық құрамы мен Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығының ұжымы қатысты. Серік Рахметоллаұлы Қазақ агротехникалық университетіне арнайы оқытушылармен, студенттермен байланыс орнатып, оқу орнындағы мәселелерді анықтау мақсатында келгенін айтты.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Біздің аймақтарға шығып, кездесу өткізудегі басты мақсатымыз бар. Ол – оқу орындары, түрлі кәсіпорын сынды маңызды жерлерге барып, мұндағы мәселелерді анықтап, оны қаралып жатқан заңдарға немесе басқа қарастыратын заң жобаларына енгізу және оларды тиімді шешу, – деді Парламент Мәжілісінің депутаты.

Серік Егізбаев бүгінде елімізде 100-ден астам заң қаралып, оның 35-і қабылданды деп отыр.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Қазіргі таңда біз ғылым жөнінде үлкен заң қабылдап жатырмыз. Оның үш нұсқасы бар. Бір нұсқасын Мәжіліс депутаттары, екіншісін Үкімет, үшіншісін Сенат депутаттары дайындады. Заңды тек өзіміз отырып қана қабылдай алмаймыз. Ол үшін сіздердің пікірлеріңіз, сараптамаларыңыз қажет, – деді ол.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Жиында ауыл шаруашылығы заңнамалары талқыланып, аталған сала ғылымын дамытуға қатысты ұсыныстар тыңдалды. Сонымен қатар саладағы өзекті мәселелер сарапталды.


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА


©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА

Ажар Лаубаева
Бөлісу: