Мәжіліс депутаттары Қытай делегациясымен кездесті

19 Ақпан, 21:21 761

Мәжіліс депутаттары Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің тұрақты істер жөніндегі проректоры Чуньтао Симен және партия мектебінің делегациясымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Жиынға Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Сяо Чжан да қатысты.

Альберт Рау біздің де кадрлық шеберхана – Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы бар екенін айтты. Академия мемлекеттік қызметшілерді дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен айналысады. Вице-спикер мекемелердің өзара байланысы екіжақты қарым-қатынасымызды нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.

Тараптар Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы достық, тату көрші әрі жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейінде дамып келе жатқанын атап өтті. Ынтымақтастық ел басшылары байланыстары деңгейінде де, парламенттер деңгейінде де құрылды. Мәжіліс депутаттары комитеттер, фракцияаралық және достық топтары арқылы қытайлық әріптестерімен қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

Перизат Саденова
Бөлісу: