Мәжіліс букмекерлік кеңсе жарнамасына тыйым салу туралы түзетулерді қабылдады

19 Ақпан, 11:40 382

Мәжілістің жалпы отырысында жұмыс тобы ғимараттар мен құрылыстарда, онлайн-платформалар мен БАҚ-та букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салуға қатысты түзетулерді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған спорттық іс-шаралар өткізу кезінде спорт нысандарының ішінде орналасқан жарнама, букмекерлік кеңселердің интернет-ресурстары мен спорттық бағыттағы БАҚ пен абоненттік мобильді құрылғылардағы жарнама кірмейді. 

Сонымен қатар депутаттар шартты түрде сотталғандарға құмар ойындарға қатысуға тыйым салуды ұсынды.

EL.KZ
Бөлісу: