Мәжіліс бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды

13 Желтоқсан 2023, 10:40 600

Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олар:

– Ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша түзетулер;

– 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу жөніндегі хаттама;

– Акваөсіру туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;

– Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы.

Миражан Махан
Бөлісу: