Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасына түзету енгізеді

6 Ақпан, 04:29 1061

Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулердің жаңа пакетін дайындайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің жетекшілігімен заң жобаларының таныстырылымы өтті. Заң жобасы жөнінде депутат Жұлдыз Сүлейменова баяндама жасады. Түзетулерде:

- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылдан 8 жылға дейін;
- Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіргені үшін 2 жылға дейін;
- Педофилия мен кәмелетке толмаған баланы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру ұсынылды.
- Азаптауға байланысты 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасазы қарастырылып отыр. 

Отырысқа қатысушылар заң жобаларын жетілдіруге қатысты сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Түзетулерді пысықтау бойынша жұмыс Мәжілісте жалғасады деп күтілуде.  

Перизат Саденова
Бөлісу: