Мәжіліс әскери полиция туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады

18 Қаңтар 2023, 11:24 1054

Мәжіліс әскери полиция туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заң Қарулы Күштер әскери полициясының, Ұлттық ұланның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің міндеттерін, құзыреттерін, жалпы және арнайы өкілеттіктерін нақтылап, олардың бір-бірімен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды.

Сондай-ақ енгізілген өзгерістерге сәйкес, әскери полиция органдарына әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуге тікелей қатысуға, әскери қызметшілер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті.

Ілеспе түзетулерге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына Арнайы операциялар күштерін қосуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

EL.KZ
Бөлісу: