«Майқайыңалтындағы» апатқа кінәлі қызметкерлер ұсталды

18 Қыркүйек, 16:42 424

Автобуспен ескі шахтаға құлаған төрт тау-кен құтқарушысының қаза болуы туралы іс бойынша «Майқайыңалтын» АҚ қызметкерлері қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілер тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық іске тартылды. Кәсіпорынның алты қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Павлодар облысының полициясы тау-кен және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында «Майқайыңалтын» АҚ-ның алты жауапты қызметкері ұсталып, Павлодар ПБ УҰИ-ға қамауға алынды, - деп түсіндірді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасып жатыр

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: