Майдангерлерге ұялы телефон сыйлады

27 Ақпан 2015, 06:52

Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай, ардагерлерді ардақтауға арналған «Өмір жолы» жобасы аясында Ақмолалық соғыс және еңбек ардагерлеріне сезімтал дабылдатқыш орнатылған «SOS» ұялы телофондарын тарту етті

Ұлы жеңістің  70 жылдығына орай, бүкіл Қазақстан бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне сезімтал дабылдатқыш орнатылған «SOS» ұялы телефондары тарту етілуде. Мәселен, ардагерлерді ардақтауға арналған «Өмір жолы» жобасы аясында Ақмолалық соғыс және еңбек ардагерлері осындай ерекше құрылғыларға ие болды. 

Бұл шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылғаны және игі істер  бұдан кейінде жалғаса беретіні жайлы Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Чапай Әбутіліпов  кеңінен әңгімеледі. Ерекше қондырғылы телефондарды тарту етуші жақтың өкілі «Өмір жолы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ернар Нұрбеков шараны жүзеге асыруға Республикалық «Ардагерлер ұйымы» жәнен «Самұрық қазына» Ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының мұрындық болуымен «Еуразиялық Медиа Форум» қоғамдық қоры  «Билайн» АҚ «Карт- Тел» ЖШС  қаңтар айында ел аумағында бастау алған «Жеңіс» акциясының аясында жүріліп жатқанын баяндады. Жиында «Еуразиялық Медиа Форум» халықаралық қор өкілі Ольга Савельева ел үшін отқа түскен ардагерлерге қандай құрмет көрсеттеседе жарасымды дей келе, осы силық барлық облыс ардагерлеріне таратылатынын жеткізді. Ерекше сипаттағы ұялы телефондарды қалай пайдаланатыны  жайлы түсіндірген «Өмір жолы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Е. Нұрбеков:

Құрылғы қандай бір оқыс жағдай туындаса, телефондағы дабыл жеткізуші тетігін басса орталықтағы операторға  хабар жеткізеді. Жүйе орталықтандырылған. Ол орталықтар Астана, Алматы Қарағанды қалаларында. Орталық жүйеге дабыл арқылы түсен хабар бойынша, қандай шара қолданатындығы анықталып, жергілікті жердегі абоненте жетізіледі. Жеткізген мәлімет бойынша, қандай көмек қажет болса, қажет көмек дереу жеткізіледі. Операторға дабыл түсісімен, дабыл қайдан кімнен,қайдан келгені және хабарласушының қандай туысы, танысы, көршілерінің аты жөні, мекен жайы, телефондары базада дайын  шығады. Бұл деректі телефон иесі ардагер өзі береді, біріккен жүйеге тіркеледі.  Бұл мәлімет деректі біздің қорға көмектесуші еріктілер жасағы атқарады. Телефонды қалай пайдалануды үйретеді. Ұялы телефондар Қытай Халық Республикасында жасалған. Бірақ, бұған күдіктене қарауға болмайды. Себебі, мемлекеттік зауыттарда арнайы тапсырыспен жасалған. Бұған дейін Павлодар, Қарағанды облысындағы ардагерлер осы қызметтің жемісін көріп жүр. Енді, міне ақмолалықтар сіздер көретін болдыңыздар. Біз әрқашан сіздерді ардақтаймыз. Сіздерді, сіздердің от кешкен ерлік істеріңізді ешқашан ұмытпаймыз. Ол ерлік ұмытылмайды.  Қөретін құрмет, қызық, ден саулықтарыңыз мықты болсын деп, аталарына тілек айтты.

Ардагерлер атынан Т. Ережепов,Ж. Рамазанов,Ә. Мәженов,А.Ястребовтар  құрмет көрсеткен, ел азаматтарына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.


Дахан Шөкширұлы Жәмші

Бөлісу: