Мәулен Әшімбаев Президенттің туған күніне қандай сыйлық сыйлағанын айтты

18 Мамыр 2023, 11:55 1208

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне қандай сыйлық сыйлағанын айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ол Сенат кулуарында айтқан болатын. Ол Президенттің сыйлық алғанды ұнатпайтынын растады.

Президентіміз туған күнін атап өтпейтіндігін өзі де айтқан болатын. Сенаттың ең үлкен сыйлығы – біз жақсы жұмыс істеп, дұрыс заңдарды қабылдау. Заңдарымыздың барлығы шикі болмай, дұрыс заңдар қабылданса, бұл біздің Президенттің жүргізіп жатқан саясатын дамытуға деген ең үлкен үлесіміз, көмегіміз сол деп қабылдаймыз, - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетейік, 17 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды. Көптеген мемлекет басшылары құттықтау хат жолдады. 

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтетіні жайлы сұраққа жауап берген болатын.

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді, - деген болатын баспасөз хатшысы. 

Миражан Махан
Бөлісу: