Мәулен Әшібаев мемлекеттік басқару жүйесіндегі абьюзерлер туралы айтты

10 Қараша 2023, 14:31 1129

Сенат аясында БАҚ өкілдері Мәулен Әшімбаевқа «Шенеуніктер арасында абьюзерлер болып, олар тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату жөніндегі заңнамаға түзетулерді қабылдауды әдейі баяулатуы мүмкін бе?» деген сауал қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бізде мемлекеттік басқару жүйесінде үйде абьюзерлікпен айналысатын, содан кейін осы саладағы заңнаманы қатаңдатпау үшін әрекет жасау жағдайлары болды деу дұрыс емес. Егер заңнаманы қатаңдату қажеттігі туындаса, біз оны қатаңдатамыз. Қажеттілік болса, қатаңдатуға дайынбыз, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Бишімбаевтың әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Осы оқиғадан кейін қазақстандықтар әлеуметтік желіде заңның әлсіз екенін, қоғамның әйелдер мен балаларды қорғай алмай отырғанын жазып жатыр.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: