М.Әуезов университеті қытайлық жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойды

7 Шілде 2023, 09:15 1020

Әуезов университеті Сиань халықаралық университетімен меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті халықаралық байланыстырды нығайту мақсатында Сиань халықаралық зерттеулер университінің басшылығымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады. 
 
Кездесу барысында студенттердің академиялық ұтқырлық аясында оқуы, магистранттар мен докторанттардың тағылымдамадан өтуі, оқытушылармен алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және университетіміздің халықаралық бастамаларға қосылуы бағытындағы ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударылды.
 
Бұл ынтымақтастық екі университеттің студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына, профессор оқытушы құрамына және ғылыми қызметкерлеріне үлкен мүмкіндікке жол ашады деп күтіліп отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: