Қолданыстағы заң интернет бүгінгідей кең таралмаған кезде қабылданғаны белгілі. Оның көп нормаларын заман талабына сай жаңарту қажет. Бұл заң журналистердің статусын айқындап, жалпы индустрияның дамуына серпін береді деп ойлаймыз. Жалпы ұсынылып отырған түзетулер журналистердің ерекше жағдайларда кәсіби қызметтерін жүзеге асыруын, біліктілігін арттыруды көздейді. Жаңа заң аясында салалық журналистиканы дамытуға мүмкіндік аламыз, - деді министр.