«Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы жарияланды

9 Қаңтар 2023, 14:42 1935

«Масс-медиа туралы» заң жобасының тұжырымдамасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Масс-медиа туралы" заң жобасы мен оның тұжырымдамасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және ҚР Конституциясына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

 "Жаңа заңда сөз бостандығы, пікір плюрализмі мен мемлекеттік қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен өнегесін қалыптастыруға бағытталған қажетті шектеулер арасындағы тепе-теңдікті белгілейтін түбегейлі жаңа схеманы бекіту ұсынылады. Осы орайда, негізгі реформалар журналистердің құқықтық мәртебесін арттыруға және олар үшін құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталады", - делінген құжаттың тұжырымдамасында.

Әзірленіп жатқан Заң қолданысқа енгізілген жағдайда "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" ҚР заңдарының заңды күші жойылды деп танылады, делінген құжаттың тұжырымдамасында.

Заң жобасы мен тұжырымдаманы жария талқылау Ашық НҚА сайтында 27 қаңтарға дейін жалғасады.

EL.KZ
Бөлісу: