Мәскеулік брендтер бизнес миссиясымен Central Asia Fashion-ға келді

11 Наурыз, 21:03 817

Мәскеулік киім, аяқ киім және аксессуарлар өндірушілері өз өнімдерін әлеуетті серіктестер мен байерлерге ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шара 2024 жылғы 11-13 наурызда Central Asia Fashion 33-халықаралық сән көрмесінің алаңында өтеді. Дизайнерлер Алматыға Мәскеу экспорт орталығының қолдауымен келмек.
 
Делегация құрамында 15 Мәскеу брендінің өкілдері бар. Кейбір компаниялар экспорт саласында өздерін дәлелдеген. Мәселен, SVS Vera Sukhinina әйелдер бас киімдері мен Премиум киімдері Кувейтте, Ұлыбританияда, Қазақстанда, Нидерландыда және Израильде үлкен сұранысқа ие. Негізі төрт жылдан бері Қазақстанда Akhmadullina DREAMS орта плюс сегментіндегі әйелдер киімі сатылып келеді. Сиринга-Стиль брендінің бас киімдері мен дизайнерлік киімдері Қазақстанда, сондай-ақ Беларуссияда өз жанкүйерлерін тауып үлгерді. Ал Ортомода Египетке, Қытайға және Түркияға “комфорт" ортопедиялық аяқ киім топтамасын жеткізуде.

Бизнес миссияның қалған қатысушылары алғаш рет өз өнімдерін шетелдік нарыққа ұсынуға әзір. Олардың қатарында Maslov премиум шынайы былғарыдан және жүннен жасалған сыртқы киімдер мен аксессуарлар; MD Makhmudov Djemal әйелдер мен ерлерге арналған дизайнерлік киімдері; Круже ханымның шілтерлі аксессуарлары мен киімдері; doctor TM түйе жүнінен және басқа да табиғи материалдардан жасалған киім, іш киім және термиялық іш киімдер; vanity voice сырт киімі, кашемир, трикотаж; мектеп SMENA формасы және күнделікті балалар киімі; IGOR YORK шынайы былғарыдан жасалған сөмкелер; long RIVER былғарыдан жасалған бұйымдар және Rachellfabri, ALENA KOCHETKOVA, EVGENIA KOLOS брендтерінің әйелдер киімдері бар.
 
Іскерлік миссия аясында 12 наурызда Мәскеу брендтерінің коллекциялары, соның ішінде AKHMADULLINA DREAMS-тың авторлық туындыларын таныстыратын сұлу әйелдердің, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен дефиле өтеді.

Akhmadullina dreams брендінің 2017 жылы әйгілі ресейлік дизайнер Алена Ахмадуллина негізін қалады. 8 жыл ішінде Akhmadullina Dreams киімдері Ресей Федерациясының аумағында ғана емес, сонымен қатар оның бірегейлігі, шынайылығы және жоғары сапасының нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпіріне кеңінен танымал болды. Бренд дамып келеді және алдағы уақытта үлкен жоспарлары бар. Брендтің бизнес-миссиясы - офлайн сату нүктелерінің санын масштабтау, ал стратегиялық бағыттардың бірі – өнімнің халықаралық нарыққа шығуы. Қазақстанда Akhmadullina Dreams қазірдің өзінде көтерме серіктес ретінде ұсынылған, бірақ біз сату жүйесінің көтерме бағытын дамытуды және өңірдегі маңызымызды, сондай-ақ елдің мақсатты аудиториясы арасында брендтің танымалдылығын арттыруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті "Дримс Ритейл" ЖШҚ бас директоры Владимир Колесников. 

Джемал Махмудов аңызға айналған "Валентин Юдашкиннің сән үйі" және "Джорджио Армани" сияқты ресейлік және шетелдік сән үйлерінде дизайнер болып жұмыс істеген. 2010 жылы ол “MD makhmudov djemal” әйелдер киімінің жеке брендін құрып, содан бері жыл сайын екі тұрақты жәнк бірнеше шағын топтамаларды шығаруды үрдіске айналдырған.

Мен бұл бизнес-миссияға Ресейде жаппай сатылатын капсула топтамасымен келдім. Яғни оны көпшілікке көрсетіп, көтерме саудагерлерден алдын ала тапсырыс алғым келеді. Қазақстанда біздің брендті жақсы біледі. Менде осы елден абоненттердің өте үлкен аудиториясы бар. Сұранысқа ие болғаны соншалық, көптеген клиенттер Мәскеуге  арнайы келеді, ал кейде біз тауарларды СДЕКоммен жібереміз. Осындай қызығушылықты байқап, мен өзім келіп, көтерме саудагерлермен серіктестік құрып, коллекцияларымды дүкендерге орналастыруды шештім. Бұл нарық үшін өзекті ұсыныс екеніне сенімдімін: қазақтар - әдемілікке жаны құмар ұлт, олар мерекелер мен сәнді кешкі көйлектерді жақсы көреді, ал біздің бренд тек мерекеге арналған киімге бағдарланған", - деді Джемал Махмудов. 

Бұл брендте киімнен басқа сөмкелер, аксессуарлар, тіпті парфюмерия бар. Дизайнер шоу-бизнес жұлдыздарымен байланыс орнатып, әртүрлі шығармашылық жобаларға қатысады.
 
Қазақстан нарығы мәскеулік компаниялардың үлкен қызығушылығын тудырды: біз мұны нарықтағы үрдістерден байқап отырмыз. Мысалы, Мәскеулік дизайнерлер Қазақстанға балалар киімдерін, кешкі киімдер мен аксессуарларды жеткізіп жатыр. Осы үрдісті қолдау үшін Мәскеу экспорттық орталығы Орталық Азия сән көрмесі аясында бизнес-миссияға 15 Мәскеу сән брендтерінің қатысуын ұйымдастырды. Келіссөздер барысында кәсіпкерлер жаңа шетелдік сатып алушыларды таба алатынына сенімдімін. Мәскеу жеткізушілерінің өнімдері мен қызметтеріне мүдделі Қазақстан компаниялары Мәскеу экспорт орталығына жүгіне алады. Солай олар ең қолайлы ұсыныстарды таңдап, Ресей астанасының компаниялары туралы толық және өзекті ақпаратты ала алады, - деп атап өтті Мәскеу экспорт орталығының бас директоры Виталий Степанов.

Ресейдің Қазақстандағы сауда-саттық агенттігінің мониторинг деректері бойынша, Мәскеу - екі ел арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың жоғары динамикасына үлес қосып отырған ең белсенді өңір.

Мәскеу мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық айтарлықтай көпвекторлықпен ерекшеленді. Яғни біз тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау және медициналық туризм, IT индустриясы, сән сегменті туралы айтып отырмыз. Біз жыл сайын көптеген белсенді кәсіпкерлер іздейтін және экспорттық жобалармен айналысатын ХЭО командасымен бірнеше бірлескен іс-шаралар өткіземіз", - деп жазылған Сауда өкілдігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде.

Мәскеу экспорттық орталығын Мәскеу Үкіметі құрған. Мақсаты - қала кәсіпкерлеріне шетелдік нарықтарға елордалық өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің өнімдерін жеткізіп, оларға қаржылық қолдау мен басқа да шараларын ұсыну үшін құрды. ХЭО — ның негізгі міндеттерінің бірі - Мәскеу экспорттаушыларының санын көбейту және олардың сыртқы экономикалық қызметін тиімді дамыту бойынша жобаларды іске асыру.

Перизат Саденова
Бөлісу: