Мәскеудегі лаңкестік оқиғасы бойынша 2 адам ұсталды

23 Наурыз, 11:30 2563

Мәскеудегі 22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен 2 адам ұсталды, деп хабарлайды @Baza Telegram-каналына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілер Брянск облысында ұсталған.

Атыс ұйымдастырды деген күдіктілер мінген көлік Беларусь және Украина шекарасынан бірнеше шақырым жердегі Теплый ауылының маңында тоқтатылған. Алдын ала мәлімет бойынша көлікте 6 адам болған. Оның екеуі ұсталып, тағы төртеуі қашып үлгерген.

Ұсталғандар Тәжікстан азаматтары болып шықты. Қазіргі таңда олармен қауіпсіздік қызметіндегілер жұмыс істеп жатыр. Қалған 4 адам іздестірілуде. 

Терактілік әрекетке қатысы бар деген 4 күдіктінің аты-жөні белгілі болды. Олар:

1) Насридинов Махмадрасул. 37 жаста;

2) Исмонов Ривожидин. 51 жаста;

3) Сафолзода Шохинджонн. 21 жаста;

4) Назаров Рустам. 29 жаста;

Барлығы Тәжікстан азаматтары екені анықталған.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: