Мәскеудегі атыс: Қаза тапқандар саны 60-тан асты

23 Наурыз, 09:43 1012

Мәскеудегі «Крокус Сити холл» кешенінде болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 60-тан асты, деп хабарлайды TACC-қа сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ресейдің Тергеу комитетіндегілер мәлімдеген. 

"Лаңкестік әрекеттен 60-тан астам адамның қаза тапқаны анықталды. Терактілік оқиғадан қайтыс болғандар саны артуы мүмкін",-делінген комитет ақпаратында.  

Оқиға орнында Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен Федералдық қауіпсіздік қызметімен бірлесіп Тергеу комитетінің тергеушілері, криминологтары мен сарапшылары тергеу әрекеттерін жалғастырып жатыр. 

Оқиға орнынан заттай аіғақтар, соның ішінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде генетикалық, баллистикалық және саусақ іздері сынақтарбы бар,-деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитетіндегілер. 

Бұдан өзге терегушілер "Крокус Сити Холл" кешеніндегі бейнебақылау камерасындағы жазбаларды да мұқият тексеруде. 

Айта кетейік, 22 наурызда Мәскеудегі Crocus City Hall концерт залында қаруланған белгісіз топ атыс ұйымдастырып, теракт болды.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: