Мәскеуде Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай іс-шара өтті

26 Мамыр, 11:30 631

Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Дәурен Абаев пен әскери атташе генерал-лейтенант Талғат Қойбақовтың қатысуымен армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
Еске алу рәсіміне ардагерлер, РФ ҚК Бас штаб академиясы мен М.Фрунзе атындағы әскери академияның тындаушылары және әскери институт курсанттары қатысты.

Еске салсақ, біз бұған дейін мемлекеттік әскери-тарихи музейде тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған «Халық жүрегіндегі қаһарман» атты көрме ашылғаны туралы жаздық.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: