Мәскеуде Ленин мавзолейін өртемек болған адам ұсталды

18 Шілде 2023, 17:30 838

Мәскеуде Ленин мавзолейін өртеуге әрекет жасаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ТАСС» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 22:00 шамасында болды.

Ер адам Ленин мавзолейіне жақындап, ішінде жанғыш қоспасы бар бөтелкені лақтырды. Өрт болған жоқ. Құқық қорғау органдары тәртіп бұзушыны тез арада ұстады, - деген агенттікке хабар беруші.

Оның айтуынша, ер адамға қатысты «полиция қызметкерінің заңды бұйрығына бағынбау» бабы бойынша хаттама толтырылды. Сондай-ақ, «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетсек, кесенеге зақым келмеген.

Равиль Ашығали
Бөлісу: