Мәскеу халықаралық кино апталығы өтіп жатыр

27 Тамыз, 08:24 352

Ресей астанасында өтіп жатқан кино апталығына 47 елден 130-дан астам киноиндустрия, мәдениет министрліктері өкілдері мен сарапшылар делегат ретінде қатысуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – креативті индустрияны дамыту. Қатысушылар креативті саланы дамыту және қолдау стратегиялары, әлемдегі маңызды трендтер туралы ойларын ортаға салды.

Бұл бағытта Қазақстанда атқарылып жатқан жұмыстар туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов айтып берді.

Вице-министр креативті индустрияны қолдауға арналған заңнамадағы жаңашылдықтар мен Қазақстандағы таланттарды ынталандыру бағытындағы басқа да шараларға тоқталды.

Сондай-ақ, кино апталығы аясында 300-ден астам шетелдік фильмдердің көрсетілімі жоспарланған.

Зарина Арман
Бөлісу: