Мәсімовке қатысты сот шешімі шықты

10 Ақпан 2023, 15:07 3125

Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот Нұрлан Мәсімовтың ісін қарады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыста Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысына қатысты екі іс қаралды.

Сот департаменттің 2021 жылы 18 қызметтік жылқыға жем сатып алуға 60,9 млн теңге бөлгенін анықтады. Алайда нормаларды бұзып, 10,7 млн теңге артық жоспарлаған. 2022 жылы жемге 13,4 млн теңге бөлінген, бірақ нормадан тыс 8,5 млн теңге қосылған.

Сот тиімсіз жоспарлау бюджет ақшасын тиімсіз пайдалануға әкеп соқты деп есептейді.

«Облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысының кінәсі әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар арқылы, аудиторлық есептер, тексеру комиссиясының материалдары, айғақтар және сот зерттеген басқа да материалдар арқылы дәлелденеді. Сот ҚР ӘҚБтК 234-1-бабы бойынша айыпталушыға әр іс бойынша 214,4 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындады», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
EL.KZ
Бөлісу: