Мас күйінде көлік жүргізген Қостанай облысының бас имамы қамауға алынды

25 Шілде, 11:57 2230

Мас күйінде көлік жүргізген Қостанай облысының бас имамы Тәжімбет Бақытбек қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Бурабайдағы түнгі клубтың жанынан масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқанда ұсталған.

Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылсын, оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалсын., – деп жазылған сот қаулысында. 

 Бұған дейін Qarmet-тен жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталғанын хабарлаған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: