Мас ер адам көзі көрмейтін анасын балталап тастады

Бүгiн, 11:20 412

Өзбекстанның Бұқара облысында мас ер адам анасын балталап өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Simon телеарнасы хабарланғандай, қайғылы оқиға болған күні Гижидувана қаласының 34 жастағы тұрғыны үйіне алкогольді сусын әкеліп, іше бастаған. Көрші бөлмеде зағип анасы ұлына салауатты өмір салты туралы әңгіме айта бастаған. Бұл ұлының ашуына тиген.

Ер адам қоймадан темір балта алып, анасының бөлмесіне кіріп, мойнына бірнеше рет соққы жасаған. Сот барысында айыпталушы шамадан тыс алкоголь тұтынғандықтан, қалай өлтіргенін білмейтінін жеткізді.

Сот тергеу нәтижесінде жиналған дәлелдемелерді қарап, айыпталушыны кінәлі деп тапты. Ер адам сот шешімімен 18 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.

Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: