Қазақстандық әнші Маржан Арапбаева Instagram-дағы парақшасында Таиландтағы демалысынан суреттер жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі экзотикалық елде демалысының қалай өткенін көрсетіп, «Бақытты бір күн» деп жазба қалдырған.
Әнші 46 жасқа толған туған күнінде өзіне осылай сыйлық жасаған көрінеді. Жанкүйерлері де Арапбаеваны айтулы күнмен құттықтап, шығармашылық табыс тілеген.