Мариан Ордабаева Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды

7 Қазан 2023, 14:17 562

Қазақстандық Мариан Ордабаева Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Отандасымыз бұл сында джиу-джитсудан сынға түсті. 65 кг салмақта өнер көрсеткен Ұлттық құраманың спортшысы Мариан Урдабаева қола жүлде алды. Ол қарсыласы Ажар Салықованы 7:0 есебімен ұтты.

2014 жылы Мариан Ордабаева дзюдодан қатысып, қола жүлдегер атанған болатын. Ол жолы татами шебері 63 келіге дейінші салмақта ел намысын қорғаған еді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: