Марғұлан университетінің ғалымдары кореялық әріптестерімен тәжірибе алмасты

15 Қазан 2023, 23:08 768

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары Оңтүстік Кореяға барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сапардың мақсаты – «Комплаенс-менеджментті пайдалана отырып, мектеп жағдайында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету» жобасы аясында ынтымақтастықты нығайту. Кездесулер Bucheon University (Bucheon қ.) және Namseoul University (Incheon қ.) сынды жоғары оқу орындарында болды. 

Біздің елден жаратылыстану жоғары мектебінің доценті, PhD докторы Дария Әбікенова және Педагогикалық зерттеулер орталығының директоры, п.ғ.к. Алмагүл Асайынов барды.

Сапар нәтижесінде білім берудегі киберқауіпсіздік - комплаенс-менеджмент саласында бірлескен зерттеулер туралы келісімге қол жеткізді. Кореялық әріптестер студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына, профессорлар мен докторанттарға тағылымдамадан өтуге, қос дипломдық білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты. 

Перизат Саденова
Бөлісу: