Марат ЕШМҰХАНБЕТОВ: "Үйге ұлттық туды іліп қоямын"

7 Тамыз 2014, 10:36

Марат ЕШМҰХАНБЕТОВ, Мемлекеттiк автоинспектор, полиция майоры.

Марат ЕШМҰХАНБЕТОВ, Мемлекеттiк автоинспектор, полиция майоры.

Бiрiншi шегiнiс 

Өмiрге, өзi өмiр сүрiп отырған қоғамға жəне айналасындағы адамдарға өзiнiң мəйектi сөзiмен, iлкiмдi iсiмен əсер ете бi-летiн атпал азаматтар болады. Олар барша жұртқа нұр шашып жүредi. Бiреуге сөз жəрдем жасаса, ендi бiрiне қол ұшын созады. Сондай адал да ақжарқын азаматтардың бi-рi – Марат Топантайұлы Ешмұханбетов. Ол ширек ғасырдан берi Мемлекеттiк автоинспектор болып абыройлы қызмет атқарып келедi. Полиция майоры.

Марат Топантайұлы Алматы облысының Жамбыл ауда-нында туған. Мектеп қабырғасында жүрген кезiнен бастап Сүйiнбай мен Жамбылдың жырларын жаттап өседi. Ес бiлiп, етек жиған соң Мұқағали, Қадыр, Тұманбай, Жұмекен, Жұматайлардың өлеңдерiн тұщына оқиды. Қазақтың өзi қатарлас ақын-жазушыларымен етене араласады. Олардың Маратқа өлең арнамағаны кемде-кем. Солардың қатарын-да – Мараттың бажасы болып келетiн Иран Ғайып, Исраил Сапарбаев, Несiпбек Айтов, Баян Болатхан жəне айтыскер ақындар – Есенқұл Жақыпбеков, Ермек Жұматаев, Оразалы Досбосыновтар бар. Осы жыр шумақтарын оқып отырып-ақ айтулы азаматтың адамдық қадiр-қасиетiн танисың.

 

Марат Топантайұлы айтады:

Бiздiң жұмысымыз тiкелей жолмен байланысты ғой. Жол жүргендермен тығыз қарым-қатынаста болған соң небiр қызықтар бола бередi. Бiрде, осыдан 10 – 15 жыл бұрын автобекетте тұр-сам, бiр ақ жигули келе жатты. Дереу ала таяғымды көтерiп, тоқтатып алдым. Көлiк иесi көзiме ыстық көрiндi. Куəлiгiн ашып қарасам, Шəмшi Қалдаяқов екен. Құжаттарын төс қалтама салдым да: «Менiмен бiрге шай iшпесеңiз, жiбермеймiн» дедiм ағама қалжыңдап. Сөйтсем, ол кiсi де əзiлiмдi дұрыс түсiнiп: «Ой, аппақ бала, Гаишниктер де шайға шақырады екен ғой» деп өтiнiшiмдi құп алды. «Сабақты ине сəтiмен» демекшi,сол кез Наурыз мерекесi болатын. Арнайы пiсiрген тоқашымыз да, көжемiз де, қазы-қарта, жал-жаямыз да бар едi. Бұйырған дəмдi iшiп-жеп болған соң, Шəмшi ағаны шығарып салайын деп көлiгiнiң қасына келдiм. Ең алғаш көргенде-ақ көлiктiң ұсқыны маған ұнамап едi. Капотын ашып қарадым. Моторы жер тiреп жүр екен. Астынан көтерiп тұратын бiр жастығы мүлдем жоқ. Шошып кеттiм. «Аға, мынадай мотормен қалай жүрсiз? Жөндеп алмайсыз ба?» десем, «Шымкенттiң əкiмi жаңа мотор берiп едi. Соны алып келiп, ауыстырып салуға уақыт жоқ» деп күледi. Сосын мен: «Аға, ертең екi-үш күн демаламын. Сонда үйге келiңiз. Менiң көршiм моторист. Бiз шай iшiп, ет жеп болғанша жаңа мотор ауыстырып бередi. Шығынын мен көтеремiн. Үйiм мынау. Таулы Қыратта» деп мекенжайымды жазып бердiм. Уəделi күнi келдi. Жанында Қасым деген баласы бар. Үйге кiрiсiмен «Үйiңде неге күйсандық жоқ?» деп ашуланған болды. «Жақында аламын, аға» деп мен де ақталып жатырмын. Содан не керек, сол күнi Шəмшi ағаның моторын ауыстырып бердiм. Ризашылығын бiлдiрiп, батасын берiп кеттi. Арада бiрер жыл өткен соң Шəмшi ағам қайтыс болды. Бiр күнi Шəкеңнiң Қасым деген баласы келiп: «Аға, папамның ескi моторы қайда? Соны досыма сатайын деп едiм» дейдi. Мен ыңғайсызданып қалып: «Гаражда тұр. Оны қаншаға сатасың?» дедiм. Құнын айтты. Со-нан соң мен: «Жоқ. Ақыры сататын болсаң, онда бұл моторды мен сатып аламын» дедiм де есеп айырыстым. Сол моторды Шəмшi ағаның көзiндей көрiп, əлi сақтап жүрмiн. Кейiн уəдемде тұрып, күйсандық сатып алдым. Қызымды музыка мектебiне бердiм. Оның ұстазы – Шəмшi ағамның баласы Қасым.

 

Екiншi шегiнiс

Марат Топантайұлы тумысынан ақ көңiл, əзiлқой, дос-жаранға адал азамат. Өнер десе, iшкен асын жерге қояды. Оның атасы Ешмұханбет аңшы, ақын, сал-серi болған адам. Ал жездесi Қыдырқожа айтулы күйшi болған. Ақындар мен батырлардың ауданы атанған Жамбылда кiндiк қаны тамған Марат Ешмұханбетов Тiлендi, Шортанбай, Шаштай, Нұрғиса сынды атақты күйшiлердiң күйлерiн тыңдап өскен соң, ол қайдан өнерден алыс болсын?! Оған ұлттық өнердiң бəрi ыстық. Сондықтан да өнердiң барлық саласындағы азаматтармен жақын араласады. Ол Нұрғиса Тiлендиев ағамыздың ақ батасын алып, Секен Тұрысбековпен туған бауырдай араласады. Оған Секеңнiң өзi домбыра сыйлаған. Қазақтың əйгiлi əртiс, əншi, сазгер, мүсiншiлерi – Асанəлi Əшiмов, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова, Роза Рымбаева, Сəкен Қалымов, Ұлжан Айнақұлова, Тiлеубердi Бинашевтермен жақын сыйласып, ара-ласып тұрады. Бiр ғажабы, Марат Топантайұлының құрметтi қонақтарға арнаған кiтабы бар. Онда жоғарыда айтқан, айтпаған белгiлi өнер майталмандарының қолтаңбасы жəне iзгi тiлек-ниеттерi жазылған.

 

Марат Топантайұлы айтады:

Осыдан бес-алты жыл бұрын Алматыға Америкадан бiр гене-рал келдi. Ол Верджиния штатында шев полицай болып iстейдi екен. Менiң Қырғыз шекарасының маңында, таудың етегiнде саяжайым болатын. Сол жерде ас та төк дастарқан жайып, қадiрлi қонағымызды күттiк. Ең алғашқы сөз тiзгiнiн де сол кiсiге бердiк. Сонда ол: «Мен əлемнiң бiрнеше елдерiнде болдым. Бiрақ дəл қазақ халқындай қонақжай елдi кездестiрмедiм» дедi ағынан жарылып. Негiзi, мен үйге ұлттық туды желбiретiп iлiп қоямын. Өзiм содан лəззат аламын. Соны көрiп: «О, сендер де ту iледi екенсiңдер ғой» дейдi таңырқап. Сосын мен: «Сiздер сияқты бiз де елiмiздi, Отанымызды сүйемiз. Ұлтымызды қадiр тұтамыз» дедiм. Ол риза болып, арқамнан қақты. Қоштасар сəтте генерал М.Қасымов екеумiз иығына шапан жауып, астына ат мiнгiздiк. Ат болғанда да қандай едi?! Асау тұлпар болатын. Қонағымыз тыпыршып тұрған мүсiндей сұлу жануарды көргенде есi шығып кеттi. Сəйгүлiкке қарғып мiнiп, шаба жөнелдi. Көп ұзамай, асау ат əлгi генералды лақтырып кеттi. Жанымыз қалмай, тұра жүгiрдiк. Сөйтсек, аяқ-қолы аман екен. Ол үстi-басын қағып жатып: «Қазақ халқы ғана емес, қазақтың жылқысына дейiн ақылды екен. Менiң бөтен адам екенiмдi бiлiп, лақтырып кеттi» деп күлдi. Оның тапқырлығына бiз де мəз болып, күлiсiп алдық.

 

Соңғы сөз орнына

Iлгерiде Марат Топантайұлы Iшкi iстер министрлiгiнiң МАИ басқармасы арнайы мамандандырылған тiкұшақ батальонында аға инспектор болып он бес жылдай қызмет атқарады. Қолы қалт еткенде туған жерiне тiкұшақпен барып, мектеп ауласын айнала ұшып, сынып жетекшiсi Күлəш Əбдiрəсiлова апайына гүл шоқтарын тастап кеткен кездерi болыпты. Коммунистiк партияның тұсында жоқтан өзгенiң бəрi қат болды ғой. Сол кезде Мəкең зəру заттарды тiкұшағына тиеп алып, қара шаңырақтың iргесiне тастайды екен. Бұл Мəкең не iстемеген?! Бастауыш сыныпта оқып жүрген кезiнде мектепке есек мiнiп келедi екен. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагерi, мүгедек ұстазы Əбдiрəсiл ағайына елiктегенi. Кейiн ағайы құнан мiнгенде, ол да құнан мiнiп шыға келген. Қазiр темiр тұлпардың неше атасын мiнiп жүр ғой. Соған қарағанда, гаишник боларын сол кезде сезген сықылды. Бұл қалжың түсiнетiн ағамызға айтқан əзiлiмiз ғой. Анда-санда осылай сөзiмiздi тұздықтап отырмасақ, «күлкiнi денсаулықтың мүлкi» санайтын ағамыз қапа болып қалады.

Марат Топантайұлының досқа адал екендiгiн жоғарыда айттық. Сол сөзiмiздiң растығын дəлелдейтiн мына бiр оқиғаны айта кеткенiмiз абзал. Бiрде Мəкең бала-шағасын ертiп, Еуро-паның бiраз елдерiне саяхат жасайды. Сапарға шығардан бiр күн бұрын жан жолдасы, белгiлi мүсiншi Тiлеубердi Бинашевтiң үйiнде қонақта болады. Сол кезде Тiлеубердiге «Сен үшiн Эй-фель мұнарасында тұрып тiлек айтамын» деп уəде бередi. Сол уəдесiнде тұрып, Мəкең атақты мұнараның басында Тiлекеңе тiлек тiлеп, оны бейнетаспаға түсiрiп əкеледi. Егер Марат Топантайұлының мұндай азаматтық асыл қасиеттерiн айта берсеңiз, бiр мақала түгiлi, бiр кiтапқа сыймас едi. «Теңiздiң дəмi тамшыдан» деген сияқты, осы шағын əңгiмеден-ақ Мəкеңнiң болмыс-бiтiмiн айқындауға болады деп сенемiз.

 

 

Марат Топантайұлына

 

Аман бол, аға! 

Аман бол, аға Маратым,

Бар елдiң көңiлiн табатын.

Тынысы кең тұлпар ең,

Күншiлiк жерге шабатын.

Тектiнiң бiрi – сұңқар ең

Қызыл жел шалған қанатын.

Қай жетiм-жесiр бiлмейдi

Ашықса, баптап бағатын,

Топантайдың торы баласын.

Жомарттығымен өзiнiң

Басына күмбез соғатын.

Шiрiкбай деген атаңа

Шiмiрiкпей тартқан баласың.

Томаша деген бiр құс бар,

Тоғыз жұмыртқасының

Бiреуi сұңқар болатын. 

Сен ондай сұңқар ағасың.

 

Оразалы ДОСБОСЫНОВ

 

 

Бажама 

Алатауы

Əз көркем

Ажарымдай,

Алматысы

Бақ-кием

Базарымдай.

Аруақ қонып,

Нар шөккен 

Құт-қонысым

Жетiсу

Жетi дүние ғажабындай!

Құс-қанатын Қыран-жыр

қомданғанда,

Қарқылдайды Алаөкпе

толған қарға.

Алтын айдар

ұл сүйiп,

Аруын құшқан 

Мараттың бажасында

арман бар ма!

 

Иран ҒАЙЫП

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, «Ағынан жарылсақ», 2004 жыл.

Бөлісу: