Марат Тәжин қызметінен босатылып, төрт елге елші тағайындалды

16 Маусым 2023, 16:39 1216

Мемлекет басшысы бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Қазақстан Республикасының Аустралия Одағындағы, Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ал Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

EL.KZ
Бөлісу: