Марат Қалқабаев ҰҚК-дегі қызметінен босатылды

29 Шілде, 12:35 576

Марат Қалқабаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда хабарламасында. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Марат Қалқабаев 1989 жылы Ф.Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғары Октябрь революциясы орденінің Қызыл Ту мектебін бітірген. 2011 жылы Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы беріген. Ол 1984-1995 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарған. 1995-2013 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлер құрамы лауазымдарында қызмет атқарды; 2013 жылғы қазаннан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: