«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды

Бүгiн, 10:47 216

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суларды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтаумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокурорлармен қолданылған шаралардың нәтижесінде, соттың желтоқсаны айындағы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енді. Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды.

Аталған факт бойынша компания қосымша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: