Республикалық «Наурызнаманың» онкүндігі және «Игі істер» марафоны аясында Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымы ауданымыздағы бірқатар әлеуметтік осал топтағы жандарды мерекемен құттықтап, тазалық жұмыстарын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, бұл қайырымдылық шарасы Бейнеу аудандық мәслихат депутатының демеушілігімен жүзеге асуда.
Екі отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен жанашыр жан «Мереке құтты болсын. Қуанышты күндеріңіз көп болсын. Бастысы дендеріңізге саулық, балалардың амандығын тілеймін» деп, ізгі ниетін білдірді.
Жастар ресурстық орталығының директоры Саламат Ғайыпбаев «Ешқашан мұңаймаңыздар. Әр қиындықтың артында жеңілдік болады. Алдағы уақытта жүздеріңізден қуаныш кетпесін. Амал қарсаңындағы игі тілектеріңіз қабыл болсын» деп балаларды жігерлендірді.