Маңғыстаулық жастар Баку қаласында тағылымдамадан өтті

2 Желтоқсан 2023, 20:21 805

Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар тағылымдамасы 2.0» жобасы аясында өңірдегі бірнеше жас Баку қаласына барып, тағылымдамадан өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы күні жастарды Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшісі Алим Байел қабылдап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар жастар @qeyd.az  ұйымында қонақта болды. Аталған ұйым білім саласы бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыратынын жеткізіп, қызмет бағдары және жоспарымен бөлісті. 

Тағылымдама қатысушылары Гейдар Әлиев орталығының жұмысымен және Баку қаласының тарихи орнымен танысты. Оған қоса шетелдік тәжірибе негізінде жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасайтын «Әзербайжан Республикасы жастар қорының» жұмысынан тәжірбие жинақтады.

Жастар Әзербайжан баспасөз кеңесіне барып, ақпараттық қызметті дамыту бойынша пікір алмасты. 

Маңғыстаулықтар Әзнрбайжан мемлекетінің «Azxeber.com» ақпараттық порталында да қонақ болды. Сайт операторлары Хейли Хажыбей мен Ифселәддин Ағаларов жастарға порталдағы бизнес принципі туралы толық ақпарат беріп, Қазақстан мен Әзербайжан достығы барлық салада, оның ішінде БАҚ саласында жоғары деңгейде екендігін тілге тиек етті. 

Жоба жеңімпаздары Әзербайжан халқының қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, 5 күнге созылған тағылымдаманы сәтті аяқтады. 

Айта кетейік, «Жастар тағылымдамасы 2.0» жобасы аясында облыс көлемінде байқау жарияланып, 53 жас тағылымдамадан өтуге ниет білдірген болатын. Нәтижесінде 15 жас іріктеліп, Түркияның Анкара және Стамбул қаласында, Әзербайжан мемлекетінің Баку қаласында, сондай-ақ Алматы қаласында тағылымдаман өтіп, тәжірбие алмасты.

Берік Арманов
Бөлісу: