Маңғыстаулық түлектер төбелесті

25 Мамыр, 20:45 1211

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында соңғы қоңыраудың соңы даумен аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті әлеуметтік парақшаларда түлектердің төбелескені анықталды. Видеолардағы кадрлардан жасөспірімдердің бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады.

Оқырман қауым оқушылардың бұл әрекетін сынға алды, арасында оларды әскерге жіберу керектігін жазып жатқандар бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: