Маңғыстаулық құтқарушылар Атырау облысында құтқару жұмыстарын жалғастыруда

24 Мамыр, 03:34 636

Атырау облысында су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы Атырау облысы Махамбет ауданы Таңдай ауылында апаттық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығыне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлыбек Айжарықовтың айтуынша, 22 мамыр күні жұмыс барысында шамамен 150 бас ұсақ мал, тұрмыстық бұйымдар қауіпсіз жерге эвакуацияланып шығарылған. Авариялық құтқару жұмыстарына 4 жеке құрам, 1 үрмелі қайық, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Махамбет ауданы, Есбол ауылындағы «Су тазарту бекетінің» ауласында 3 мотопомпаның көмегімен, шамамен 680 текше метр су сорылды,-дейді Нұрлыбек Айжарықов.

Айта кетсек, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облысына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен  барлығы 225 жеке құрам су тасқыны жағдайының алдын алуға жұмылдырылды. Бүгінгі күні 132 жеке құрам, 13 бірлік техника, 7 жүзу құралы,  25 мотопомпа жұмыс жасауда. Атап айтқанда Құлсары қаласында 15 жеке құрам, Атырау қаласында 28 жеке құрам, Индер ауданында 4 жеке құрам, Махамбет ауданында 87 жеке құрам бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: