Маңғыстауға қоқиқаздар оралды

13 Наурыз 2023, 10:40 1151

Жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев Telegram-арнасында Маңғыстауға оралған қоқиқаздардың әдемі бейнесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Ұшып жүрген қоқиқаздарды көру нағыз ләззат, ұзақ уақыт ұмытылмастай әсер қалдыратын көрініс. Маңғыстауда мыңдаған қоқиқаз одан әрі Қорғалжынға ұшу үшін күш алып жатыр", - деп жазды видео авторы.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген қызғылт қоқиқаздар Ақтаудан оңтүстік-шығысқа қарай 10 шақырым жерде орналасқан Қаракөл көлінде мекендейді. Қыста олар жылы елдерге ұшып, көктемде қайтады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Азамат Сарсенбаев (@azamat_sarsenbayev)

EL.KZ
Бөлісу: